Қызықты уақыт
Балалар үшін ең қызықты уақыт – жазғы демалыс уақыты.
«Ұшқындар» тобының балалары лагерьдегі уақытын қызықты, әрі танымды етіп өткізеді. Күн сайын уақытымыздың әр минуты алдын ала жоспарланған. Сонда да өз іс-шараларымызды өткізуге уақыт табамыз. Бүгін біздің тобымызда қызықты пантомима сағаты өтті. Сондай-ақ біз өлкетану мұражайына барып, туған өлке жайлы көптеген қызықты мәлімет алдық.
Таза ауада ойын ойнап демаламыз. Біз үшін қаладағы сүйікті орындарының бірі – балалар паркі.
«Ұшқындар» тобы