Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Грация" бейіндік отрядына қош келдіңіздер
10-06-2014 08:37

«Грация» бейіндік тобының негізгі қызметі әр баланың жеке дамуына, түрлі тұлғалық қарым-қатынас пен құрдастардыңжекеаралық қатынас жасауға бағытталған. Арнайы жұмысын есепке ала отырып, жазғы бейіндік лагерь баланың достық микросоциумның ойын және танымдық қызмет атмосферасына шому арқылы адамгершілік құндылықтар мен мәдени дәстүрлер  жүйесін бере алады.   

Менің тобымда 15 бала, олар әр сыныптың балалары. Тұлғаның жақсы қасиеттерін ашуға, «мен» деген мағынасын түсінуге, басқа адамдар оң баға беретіндей өзіңді жеке тұлға екеніңді сезінуге, өзін-өзі бағалау деңгейін арттыруға, дөрекілік пен ашуға жол бермейтін қарым-қатынастың жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік туғызамын.

Күн сайын дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтарын қалыптасуына, өз денсаулықтарымызды нығайтуына  мүмкіндік беретін қарқынды жаттығулардан бастаймыз. Ұжыммен жүргізілген күн сайынғы ойындар балалардың оңтайлы өздігінен ой білдіру және өздігінен жетілу үшін жағдай туғызады. Тек ойын арқылы қызығушылық пен шығармашылық бойынша балалар бірігеді. Олардың шағын көрініске қатысуы, талқылауы әлеуметтік белсенділігін дамытып, өзіне және қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын оятады.

«Грация» тобымның жұмысы – бұл әр баланың жеке шығармашылық есебі, яғни өз шығармашылық потенциалын жүзеге асырып дамытатын тұлғаның мінездемесі. Дәстүрлі әдістерін пайдаланып, жеке және топтық тәсілдерін (әңгімелесу, бақылау, тапсыру, байқаулар, көрініс, экскурсия); интербелсенді оқыту әдісін (әлеуметті-психологиялық тренингтер, рөлдік ойындар, дискуссиялар) қолдана отырып, әр баланың өз бетімен шешім қабылдауына, өздігінен жетілуіне көңіл аударамын.