Мықты, епті, әрі шапшаң...
Бүгінгі іс-шараларымыз салауатты өмір салтына арналған. Дене шынықтыру мұғалімі М.Ф.Иванникова «Спортпен шұғылданған адамның күшіартады»ұранымен, топтар арасында қызықты старт өткізді.Эстафеталардың барлығы ерекше, әрі қызықты болды. Алаңда бәсекелестік орын алды. Жарысқа қатыса алмаған балалар өз топтарын қолдап, ұрандар мен жазу плакаттарын және т.б. дайындап әкелді.
Бір қадам артқа да емес!
Бір орында тұру да емес!
Тек қана алға!
Тек қана бірге!
«Жас ұлан» тобының жанкүйерлері аса белсенділік танытты. Жарыстың жеңімпаздарын құттықтаймыз! 1 орын – «Өзіңді танып біл» тобы, 2 орын – «Жас ұлан» тобы, 3 орын – «ЗОЖик» тобы.