Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Арт-терапия бұрышы...
16-08-2014 04:36
Арт-терапия бұрышы...

Қазіргі уақыттың балалары оқу үдерісінде бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Бұл мәселені шешу үшін біздің мектебімізде мектеп психологі И.И.Иовенконың бастамасымен арт-терапия бұрышы құрылды. Арт-терапияның негізгі міндеті – өнер арқылы адамның түрлі қиыншылықтарын жеңу.

Білім берудің дәстүрлі жүйесінде бейнелеу өнері және еңбек сияқты пәндер бар. Онда бала сурет салу және модельдеудің қажетті дағдыларын меңгереді. Арт-терапиядан айырмашылығы сабақта балалар баға алса, арт-терапияда сурет салып, жасап шығарып, қиғаны үшін «жақсы» не «жаман» баға алмайды. Тек өздерінің жұмыс барысы туралы өз ойларын білдіруге құқылы.

Бояулар, ермексаз, саз балшық, қағаз және түрлі материалдармен жасаған жұмыс балаға да, үлкендерге де терапевтік процесінің келесі міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі: ашушаңға қарсы қауіпсіз жұмыс жасау; қорқынышпен жұмыс; эмоционалды қиыншылықтарды жеңу; кейде ауызша жеткізе алмайтын ойлар мен сезімдерді шығармашылық арқылы жеткізу; мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушылардың кіші моторикасын және түс қабылдауын дамыту; тіл тосқауылын жеңу.

  Жақында арт-терапия бұрышы өз жұмысын бастайды...