Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Африкаға саяхат
03-11-2014 20:26
Африкаға  саяхат

7-сыныпта география сабағы «Африкаға  саяхат» тақырыбы бойынша ойын түрінде өткізілді. Мұндай түрдегі сабақтың өткізудегі негізгі мақсаты – оқушылардың  география пәніне қызығушылықтарын арттыру, осы пәннен алған білімдерін сынау, өткен сабақтардағы тақырыптарды қайталау, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Оқушылар 2 топқа бөлініп, географиялық терминдерге сәйкес «Гондвана», «Лавразия» деп аталды. Жарысушы топтар «Кім жылдам?», «Адасқан объектілер», «Ойлан да тап!», «Ең, ең, ең...», тапсырмалары бойынша  бақ сынасты. Олар берілген сұрақтарға жауап беріп, сол  арқылы ұпай жинауға мүмкіндік алды. Жарыстың бірінші кезеңінде білімділікті, тапқырлық пен шапшаңдықты талап ететін 20 сұрақ қойылды. Сол сияқты, «адасқан объектілер» кезеңінде оқушыларға орындары ауысқан объектілерді қай материкке жататынын табу  жүктелді. Ең қызықты материктердің шеткі нүктелерін табу  екі топқа да біраз қиындықтар тудырды.  Нәтижесінде «Лавразия» тобы алға шықты. Шәкірттер жеңіске жету жолында сан қилы күрделі де,  қызықты сындардан өтті. Дегенмен, ой-өрісін кеңейтетін сауалдарға жауап іздеп, тау, материк, арал, көл, шөл, түбек сынды географияның ішкі, сыртқы дүниелеріне көз жеткізіп, сабақ өте қызықты да әсерлі өтті. 

География пәннің мұғалімі: Смаилова З.Н.