Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Каникулдың басталуы
04-11-2014 08:52
Каникулдың басталуы

Каникулдың басында 7Б сыныбында қызықты зияткерлік ойын өткізілді. Бірнеше күн бұрын оқушыларға тапсырма берілді: «Компьютер: жақтау және қарсы болу» тақырыбы бойынша тезис жинау ұсынылды. Бүгін дебат-ойынын өткіздік. Түрлі пікірлер айтылып, әрқайсысы өз ойын білдіруге мүмкіндік алды. Регламент сақталды, жауаптар қабылданды. Балалар компьютердің адам денсаулығына кері әсер ететінін дәлелдеді. Өз өмірлерінен мысал келтірді. Алайда, компьютермен жұмыс жасаудан ешкім бас тарта алмады. Қорытынды тезис өз денсаулығын сақтау туралы болды.

 

Компьютер – заманауи өмірімізге аса қажет.

Компьютермен жұмыс жасаған уақытта көзіңді байқап сақтану керек. Компьютермен «дос болу» керек, бірақ өз денсаулығыңды ұмытпа! Компьютермен жұмыс жасаған уақытта келбетіне арналған жаттығулар туралы ұмытпау қажет.  Бүгінгі жұмысымыздың нәтижесі «Келбетімізге және көзімізге арналған жаттығулар» атты жадынамасы еді.    

 

Сынып жетекшісі: Л.С.Терейковская