Балаңыз жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?
21 қараша күні 4 «В» сыныбында«Балаңыз жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?» тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектепте білім алу – балалар өміріндегі ең қиын және жауапты іс.Барлық ата-аналар баласының жақсы оқығанын қалайды. Отбасы мен мектептің арасындағы қарым-қатынас өте маңызды болып табылады. Осы жағдайда ата-аналар мен мұғалімнің байланысы, іс-әрекеттерінің келісімі айрықша маңызды. Осы мәселені шешуде отбасы мен мектептің тілегі бір. Балаларға көрсетілген көмек тиімді, сауатты және үш бағытта болуы керек:
– оқушының үй жұмысын ұйымдастыру;
– балаларды өз бетімен жұмыс жасауға үйрету;
– үй тапсырмасын орындауда бақылау жүргізу.