28 қараша күні мектебіміздің 6 «В» сыныбында ағылшын тілінен «Myschool» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Аталған сабақтың мақсаты тақырып бойынша лексикалық-грамматикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау. Зерттеу және әңгімелесу жұмысын ұйымдастыру және «ой алмастыру» жұмысына тарту арқылы диалог тілін дамыту, ұжымдық ортасын құру үшін жасалған жағдай нәтижесінде оқушылар тақырып бойынша қажетті лексика мен грамматиканы білді. Баға беретін пікірлерді пайдалана отырып, сұрастыру-диалог пен алмастыру-диалогтарын қолдану жағдайда оқушылар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіре алды. Қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін мұғалім Т.М.Ряжко жаңа тұрғыдан оқыту мен білім беру бағдарламаның жеті модульдің идеяларын қолданды.