Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілінің ашық сабақтары
08-12-2009 18:00
Қазақ тілінің ашық сабақтары

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай өзге тілді аудиторияларда тілді оқытуға жоғары талаптар қойылуда. Оқушылардың ауызша тілімен қатар жазба тілін, сауаттылықтарын жақсарту басты мақсат болып отыр. Осы талаптарды орындау мұғалімнің жеке іскерлігіне, тәжірибесіне, еңбекқорлығына, жаңашылдығына байланысты. Кеше мектебімізде орыс аудиториясында қазақ тілін жүргізетін мұғалімдер Байғабылова А.К., Шахметова Қ.С. және мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптардың мұғалімі Ақпарова Т.Т. қала мұғалімдеріне ашық сабақ көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабаққа қалалық оқу бөлімінің әдіскері Мұқышева Қ.С. қатысты. Айтайын дегенім, осы мұғалімдердің барлығы өз сабақтарын интербелсенді тақта арқылы дайындаған. Сызбалар, ойындар, кестелер, слайдтар, грамматикалық тапсырмалар «Актив студио» бағдарламасы арқылы өте орынды жоспарланған. Сонымен қатар 5В, 9Г, 6А сынып оқушыларының да осы тақтамен жұмыс жасай білу дағдылары жақсы қалыптасқаны байқалды. Замануи талабына сәйкес оқушыларды енді өз бағдарламасын құруға, презентациялар құрастыруға үйреткен жөн. Өткен ашық сабақтар жоғары бағаланды.