Құттықтаймыз!
2016 жылғы 9 желтоқсан күні Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстың шығармашылық мұғалімдері арасында «Менің Қазақстаным» байқауы өтті. Бұл дәстүрлі байқау жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі. Осы жылы аталған байқауға 90 мұғалімнен аса өз өтініштерін білдірді. Мұғалімдердің жұмыстары әр түрлі жанрларда ұсынылған: графика, сурет, скульптура, сәндік-қолданбалы өнер.
Байқаудың қорытындысы бойынша мектебіміздің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Ардақ Бостауовна Калиякбарова 1 дәрежелі дипломға ие болды.
Мұғалімге шығармашылық табыс тілейміз!