Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мир, который нужен мне...
29-10-2016 04:49
Мир, который нужен мне...
Мектебімізде жетім және ата – ананың қамқорлығынсыз қалған 12 бала бар. 20 – 29 қазан күндері мектепте Қамқоршылар күніне арналған іс – шаралар өтті. Мереке аясында 20 қазаннан бастап 28 қазанға дейін апта бойы түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылар арасында «Менің отбасым» тақырыбы бойынша балалардың суреттер көрмесі және «Маған керек әлем» атауы бойынша фото көрме ұйымдастырылды. Оған жоғары сатыдағы сыныптық ұжымдар қатысты. 5 – 7 сынып оқушылары «Туған туыстар мен жақындар» тақырыбы бойынша шығарма жазды. Онда олар өз отбасы жайлы сөз етті. 2 Мектеп психологы «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді. Онда ол отбасының өзара қарым – қатынас мәселелерін қозғады. Іс – шара барысында отбасылық тәрбие берудің өзекті мәселелері, әкенің, әже мен атаның рөлін арттыру туралы мәселелер талқыланды. 2016 жылғы 29 қазан күні мектебімізде жетім балалар мен ата - ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алған жандар үшін «Қамқоршылар күні» мерекесі өткізілді. Аталған мерекеге 9 қамқоршы жандар қатысты. 4 1 Қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар өздерінің аса жақын және туған адамдарына деген алғыс сөздерін бейнеролик арқылы білдірді Қазіргі заманда қиыншылықтарға төзе білген, жетім балалар мен ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасының тәрбиесіне алған қамқоршы жандарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Қонақтардың назарына балалардың өз қолымен жасалған жұмыстардың шығармашылық көрмесі ұсынылды.