Бірыңғай таңғы жаттығу...
Универсиаданы жалғастыру мақсатында бүгін мектепте сағат 8.10 – 8.25 дейін бірыңғай таңғы жаттығу өткізілді. Гимназиялық сынып оқушылары (5А, 6А, 7А, 8А, 9А, 10А, 11А) дене шынықтыру мұғалімдерінің жетекшілігімен спортзалда жаттығу жасады. Қалған оқушылар жаттығуды сыныпта орындады. Іс – шараны бастар алдында мектеп директоры Н.П.Паршукова сөз сөйледі. Ол Универсиаданың Қазақстан үшін маңызын атап айтты. Таңғы жаттығуға 1 – 11 сыныптың 765 оқушысы қатысты.