Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Өмірдің болғаны қандай тамаша!
11-10-2016 04:27
Өмірдің болғаны қандай тамаша!
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арнап біздің мектебімізде 3 қазаннан 10 қазанға дейін психикалық денсаулықты алдын алу бойынша келесі іс – шаралар өтті: 3 қазан күні Жоғары сынып оқушылары кеңесі «Ең қымбат – бұл менің өмірім» атты санбюллетень басып шығарды. Бұл шараға 8-11 сынып оқушылары қатысты. 4 қазан күні «Жылы сөздер мекені» акциясы бастау алды. Онда апта бойы 1 –11 сынып оқушылары өз достарына және мұғалімдеріне жақсы сөздері мен лебіздерін білдірді. 4 5 қазан күні СӨС үйлестіруші Н.В.Луб және мектеп психологы И.И.Иовенко пед.ұжымның мүшелері арасында «Өсіп келе жатқан ұрпақтардың психикалық және психиологиялық денсаулығы» атты диспут ұйымдастырып жүргізді. img-20161007-wa0005 6 қазан күні мектепте «Өміріме ғашықпын!» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Онда мектеп пен үйдегі психологиялық жағдай мәселелері қаралды. 2 7 қазан күні мектеп психологы «Психикалық денсаулық және салауатты өмір салты» бойынша дөңгелек үстел өткізді. Оған 5 – 8 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. 7 қазан күні «Өміріңде қуаныш сыйлайтын нәрсенің суретін сал» суреттер сайысының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. 1 8 қазан күні 5 сынып оқушылары мектептің хореограф мұғалімімен ұйымдастырылған «Өмірдің болғаны қандай тамаша!» атты флешмобына қатысты. 3 Он күндіктің қорытындысы ретінде бейімделу орталығының психологы В.Ю.Шамсутдинова 11 сынып оқушыларымен бірге «Мен және біз. Өзін – өзі реттеу» тренинг сабағын өткізді. img_20161010_150820 img_20161010_144557 img_20161010_151108