Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Түсінушілік танытқан үшін алғыстарымызды білдіреміз!
16-08-2016 02:53
Түсінушілік танытқан үшін алғыстарымызды білдіреміз!
Бірінші қыркүйек жақындап қалды. Балаларды мектепке дайындау үшін ата – аналар мектеп оқушыларымызға керек оқу – құралдарды сатып алуда. Қаланың аз қамтылған отбасылары үшін – бұл үлкен мәселе. Осындай отбасыларға көмек көрсету үшін жыл сайын «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өткізілуде. Аталған акция аясында немқұрайлық танытпаған адамдар ондаған отбасыларға көмек көрсетті. Дәстүр бойынша жаңа оқу жылы басталмай тұрып, бір ай бұрын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізуін жариялайды. «Бақытты балалық шақ алаңы» ұранымен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап өткізілетін әлеуметтік бағытталған жалпы республикалық акция 2016 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өтеді. Акция мақсаты оқу жылдың басында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету. Сонымен қатар, әлеуметтік себептері бойынша балалардың мектепке келмеуін алдын алу. Жыл сайын акцияға қатысушылардың саны артуда. Әкімшілік, педагогикалық ұжым және ата – аналар оқушымыз Радмира Асанбаеваға жаңа оқу жылына оқу – құралдарымен көмек көрсеткен үшін «BA» Company ЖШС, Данил Забродаға көмек көрсеткен үшін «Николаева» ЖК алғыстарын білдіреді. 20160812_124911

Түсінушілік танытқан үшін алғыстарымызды білдіреміз!