14 шілде күні мектеп жанындағы «Айгөлек» лагерінің екінші маусымның жабылуы салтанатты түрде өтті. Лагерьдің ауысымы көңілді, әрі қызықты өтті. Балалар жақсы демалып, түрлі іс – шараларға қатысты. Спорттық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, шығармашылық байқауларда өз қиялдарын ұсынып, құрметті қонақтарды қарсы алды. Балалардың басым бөлігі жаңа достарын тапты. Бүгін қоштасу кезі келді. Мектеп жанындағы лагерь өз жұмысын аяқтайды. Бірақ, жазғы каникул жалғасуда. Барлықтарыңа жақсы демалыс тілейміз!