ӨЗІМІЗДІҢ ҚОЛЫМЕН ӘДЕМІЛІКТІ ЖАСАЙМЫЗ...
Мектебіміздің оқушылары жазғы маусымда «Жаз – 2016» оқушылардың демалысын, сауықтыру мен бос уақытын ұйымдастыру бағдарламасы аясында мектеп жанындағы телімде жазғы еңбек тәжірибесінен өтуде. Балалар мектеп мұғалімдерінің жетекшілігімен гүлзарларды абаттандыру, топырақ түптеу, қопсыту, көшеттерді күту, гүлдерге су құю сияқты жұмыстарды атқаруда.
Мектеп жанындағы телімде жұмыс істеген кезде оқушылардың экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруына мүмкіндік жасалып, еңбек арқылы тұлғаның адамгершілік жағынан дамуына көмектеседі. Жазғы маусым уақытында оқушылар мектепті сағынған кезде осында сыныптастармен кездесуі ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Балалар мектеп жанындағы телімді абаттандыруына және гүлденуіне өз үлесін қосуда.