Мемлекеттік тілді білу - біздің ортақ парызымыз
Біздің мектепте әр жұма сайын мұғалімдерге арналған мемлекеттік тілді оқыту үйірмесі өткізіліп отырылады. Мектеп ұстаздары екі топ бойынша өз білімдерін қазақ тілінен жетілдіреді. Бүгінгі сабақты да қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері Аманова Б.А. және Байғабулова А.К. әрі мәнді, әрі қызықты өткізді. Сабақ соңында ұстаздар өткізілген жаңа тақырып бойынша лексикалық, грамматикалық тест орындады.