Біз технологияларға толы әлемде өмір сүреміз. Біздің оқушыларымыз белгілі бір оқу саласын таңдап алса да, олардың жетістіктерге жетуі жоғары технологиялар жұмысының қызметіне байланысты Сол себептен мектебіміз Компьютерлік ғылымдардың жаһандық апталығы аясында 7 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында өтетін жалпы ұлттық бастамасы – Код сағатына қосылады. Аталған бастама аясында 3-4 сынып оқушыларына өзінің алғашқы кодын жазуға, ІТ – бизнесмендердің (бейнебаян) бағдарламалау туралы ақпаратын білуге және өміріміздегі технологиялардың рөлін талқылауға мүмкіндік беретін сабақтар өткізілді. Балалар жақсы әсер алып, логикалық ойын дамытты.