Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Көңілді ойын алаңы
13-11-2015 07:07
Көңілді ойын алаңы
«Айналайын» шағын орталығы даярлық «А» тобында «Көңілді ойын алаңы» атты отбасылық спорттық мерекесі өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізгі мақсаты - болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы «Көңілді ойын алаңы» атты отбасылық сауықтыру сайысы. Бала өсірген ата-ана, Бала болып ойнайды, Бала тәрбиелеген тәрбиеші, Бала болып ойнайды,- деп сайысымызды бастап кеттік. Сайыс бірнеше ойыннан тұрды. Ата-аналар жылдамдыққа жүгірді, қаппен де секірді, кубиктерден сарай құрды, шармен де ойын болды, шығыршықтың арасымен өз балаларын өткізіп жарысты. «Көңілді ойын алаңы» атты отбасылық сайыс өте жоғары деңгейде болды. Ата-аналарға алғысымыз шексіз. Ата-аналардың арқасында сайыс жақсы өтті. 20151111_093102 20151111_093313 20151111_094454