Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Абай атамызға арнаған өлең жолдары
29-10-2015 03:31
Абай атамызға арнаған өлең жолдары
«Абайтану» курсында ұлы ойшыл, ақын, данышпан Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын тереңірек оқытумен қатар ақынның қазақ әдебиетіне енгізген жаналығын, қосқан үлесін кеңірек айтамыз. Сабақта ойларын терең, шешен айтуға, өз беттерімен қосымша мәліметтер іздеуге үйрету, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылады. 8А сыныбында өткен бүгінгі Абайтану сабағы оқушылардың өздерінің Абай атамызға арнаған өлең жолдарымен қорытындыланды . Абайға Абай ақын, данышпан өмірде, Бізге жазған өлеңдері көп жерде. Қарасөз, әңгіме де бар ішінде, Мақтанышпен айтайық біз әр кезде. Қойшыбаева Аяулым Абайға арнау. Абай деп атаған Әже Зере болады. Азан шақырып атаған Ибраһим аты болады. Ұлы Абай ақынды, Бүкіл әлем оқиды. Өлеңдерін сүйсініп, Оқып-оқып таниды. Антикеева Ділнас Абай сөзі Келтірген сұлу өлең, сөзің жарқын, Абайдың Қарасөзі маған алтын. Қазақта қаламгерлер көп болса да, Терең ойлы, сөзге шебер дана атың. Нуркаев Еламан Абайға арнау Оқимын мен де Абайды, Тамсатқан әлем, талайды. Абай – дана, Абай – дара қазақта, Қазақ елін асқақтатқан ақыны. Наурызбай Айдана Абай туралы Жас кезінен өлең жазып бастаған, Әжесінен білім алып отырған. Ержеткенде шығарманы аударған, Өз артынан қарасөздер қалдырған Кабен Диас Абайға Абай ақын қарасөзер қалдырған, Төрт мезгілге өлең жолын шығарған. Пушкин, Толстой шығармасын аударып, Бар әлемге ақындығымен танылған. Қасымов Әлішер Абайға арнау Абай деген атам бар, рухы мықты, Таусылмайтын ешқашан даналығы. Ана тілді ардақтап өмір сүрген, Абай деген атамды мақтан тұтам. Мурзатаева Орынбасар