Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қайырымдылық» жәрмеңкесі
19-09-2015 05:27
«Қайырымдылық» жәрмеңкесі
Біздің мектебініздің қабырғасында қыркүйек айының ортасында «Қайырымдылық» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған барлық сынып оқушылары өздерінің қолдарынан жасаған бұйымдарын, аналары пісірген түрлі тағамдарды әкеліп сатты. Жәрмеңкеден жиналған қаражат қайырымдылық мақсатында жұмсалды. Бұл акциядан 4 «А»-сыныбы да тыс қалмады. Балалардың аналары белсенділік танытып, балаларына тағамның түр-түрін пісіріп беріп, саудаға қойылған тағам әр алуан болды. Біреуіне алма пирогын пісіріп берсе, біреуіне талқан жасап берген. Бауырсақ, ши бауырсақ, рогалик, коржик, қамыр ішіндегі шұжық,құймақ, картоппен пирожки, кекс, вафли, тәтті тоқаштар көздің жауын алып, тәбетінді ашады. «Қайырымдылық» жәрмеңкесінің соңында тапсырған қаражаттың қомақтылығы, 4 «А»-сыныбы 1160 теңге тапсырды. Осындай акциялар балалардың жүрегінде жылулық нүрын ұялатып, оларды қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелейді. ярмарка2

Сынып жетекшісі: Сейтахметова Г.А.