«Дос» балалар клубының өмірі.
Лагерьдің екінші күні «Бағдаршам» тобы үшін ерекше әсерлі өтті, себебі біз «Дос» балалардың бос уақытын қамту клубына бардық. Онда балалар клуб директорымен тренажерлерде өздерін сынап, тәрбиеші Әсел апай мен Алия апайымен түрлі ойындар ойнап, арқан тартысып, гимнастика жасады. Бұл клуб балалардың денсаулығын нығайтуға көп көңіл бөледі екен. «Дос» балалар клубына айтар алғысымыз көп!