Жыл сайын мамыр айының соңында шағын орталықтарда «Қош бол, шағын орталық!» атты соңғы қоштасу кеші өтеді. Осы салтанатты күні тәрбиешілерге және олардың көмекшілеріне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдіреді. Оларға арнап өлеңдер оқылып, би билеп, әндер шырқалады. Бізде де №26 ЖОМ шағын орталығында 29 мамыр күні түлектерімізге арналған керемет мереке өткізілді. Уақыт тез өтіп, балаларымыз тез есеюде! Сендер де балалар, сендердің аналарың және әкелерің, баршамыз осы күнді тағатсыздана күттік. Осы күннен бастап сендер өмірінің алғашқы, ең кіші саты – мектепке дейінгі шаққа қадам жасадыңдар. Шағын орталықтың барлық ұжымы сендерді балалар, және сендердің ата аналарын шын жүректен осы мерекемен құттықтайды. Әрқашан дені сау болып, ақылды, сыпайы және тату болуларыңа тілектеспіз. "Айналайын" шағын орталығының әдіскері Ирина Ивановна Иовенко