Суицид немесе жан айқайы?
Кәмілет жасқа толмағандардың арасында суицидті алдын алу мақсатында 10 ақпан күні мектебімізде Павлодар қаласының прокуратура қызметкерлері «Қазақтелеком» АҚ өкілдерімен бірлесіп 4-11 сынып оқушыларының ата-аналарына және сынып жетекшілеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Сонымен қатар мектеп директоры Н.П.Паршукова мен психолог И.И.Иовенко сөз сөйледі. Ата-аналарға әр жастағы балалардың мінез-құлықтарын айтып, ролик көрсетті. Олар қаламыздың құзыретті орган қызметкерлеріне өз сұрақтарын қойып жауап алды.