Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Сөз сыры ескірмейді...
22-09-2017 11:02
Сөз сыры ескірмейді...

Жыл сайын 22 қыркүйек күні Қазақстанда Тілдер мерекесі атап өтіледі. Бұл мереке барлық Қазақстан халықтарының жалпы мерекесі.
Тілдің орны ерекше. Тіл – адамдар қатынасының аса маңызды құралы. Тіл арқылы адам өз ойын сөзбен айтып жеткізеді. Қоғам өзгеріп ғылым, технология, өнер жетіледі. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалады. Сөйлеу мәнері түрліше болады. Сөйлеу тілінде дене қимылы үлкен қызмет атқарады. Бүкіл дене қимылымен ойыңды, сезіміңді немесе айтылып жатқан нәрсеге өз көзқарасыңды білдіресің. Қазақстан күнтізбесінде 22 қыркүйек – атаулы күн. Бұл көпұлтты мерекенің әр тілі – рухани мұраның бір бөлігі, әр мәдениет – бұл әлем өркениетіне қосқан баға жетпес үлес. Тіл мен ойлау өзара тығыз байланысты. Тіл – ойлаудың құралы. Тіл де, ойлау да – қоғамдық құбылыстар. Тілдер экономикалық, саясат пен географиялық жағдайлар әсерінен қалыптасып дамыған.
Аталған мереке қарсаңында мектебімізде тақырыптық іс–шаралар өткізілді.
Осы іс – шаралардың бірі мектеп кітапханашыларының қатысуымен өтті. (Н.Н Дубовская, Р.Б.Садуахасова). 6 «А» сынып оқушылары викторина ойынына қатысып көпұлтты Қазақстанның әдеби мұрасына саяхат жасады. Викторина сұрақтары танымды болып ойын қызықты, әрі әсерлі өтті.
Интеллектуалдық ойынын жүргізуде көмек көрсеткен мектебіміздің кітапханашыларына алғыс айтамыз.

6 «А» сынып жетекшісі Л.С.Терейковская