Жылдың үздік психологы...
2017 жылғы 1 қарашадан бастап 3 қарашаға дейін Алматы қ. «Алтын Қарғалы» санаторий негізінде «Жылдың үздік психологы» атты республикалық конкурс өтті. Аталған байқауға ҚР жалпы орта білім беру ұйымдарының 80 – нен астам психолог мұғалімдері қатысты. Павлодар облысынан байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары болып атанған 6 психолог қатысты. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша мектебіміздің психолог мұғалімі Жазира Пишембаевна Омарханова «Зерттеуші психолог» аталымға ие болды. Сонымен қатар Жазира Пишембаевна байқауға белсенді қатысқан үшін «Қазақ психологиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің грамотасымен марапатталды.