Жаңартылған энергия көздері...
Павлодар облысы білім беру басқармасының 2018 жылғы 13 қаңтардағы хатына сәйкес ЭКСПО–2017 идеяларын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде «Жаңартылған энергия көздері» тақырыбы бойынша сынып сағаты өткізілді. Аталған сынып сағатына 9 – 11 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты – жаңартылған энергия көздерінің рөлі мен маңызы. Оқушылар «Жаңартылған энергия көздері» презентациясын және «Қазақстандағы электр станциялары» бейнесюжетін тамашалады. Олар «Күн энергиясы», «Жел энергиясы» және «Су энергиясы» болып 3 топқа бөлінді. Топтық жұмысының қорытындысы бойынша постер құрастырылды. Сынып сағаттың соңында оқушылар ЭКСПО – 2017 және сынып сағаты туралы өз ойларымен бөлісті.
Сынып жетекшісі: Викулова Г.Н.