Достық туралы сөйлесейік...
2018 жылғы 8 ақпан күні 1–4 сыныптарда «Мен достықты таңдаймын» атты сынып сағаты өтті. Достық балалар қызығушылығын кеңейтіп, бір–біріне көмек көрсетуге, сондай – ақ, қуаныш пен мұңды бірге бөлісуге көмектеседі. Оқушылар «Тілектер гүліне» өздеріне және достарына арнап өз тілектерін жазды.Сонымен қатар психолог Ж.П.Омарханованың «Дос болуды ұнатамын» жүргізген сауалнамасы бойынша 4 сынып оқушылары достықты бірінші орынға қоятыны анықталды.