Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби...
21-02-2018 11:00
Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби...

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырудағы іс-шаралар жоспары бойынша біздің мектебімізде «Буккроссинг» атты жұмыс бастау алды. «Буккроссинг» – оқушыларды, мұғалімдер мен ата – аналарды қосымша әдебиеттерді оқуға тарту.
«Буккроссинг» термині бірнеше жыл бұрын пайда болды. Буккроссинг дегеніміз не?
Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады.