Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Өздігінен басқару күні...
07-03-2018 15:10
Өздігінен басқару күні...

Жыл сайын дәстүр бойынша мектебімізде аса көптен күткен іс шаралардың бірі – өздігінен басқару күні өтеді. Аталған шара Халықаралық әйелдер күніне орай 7 наурыз күні өткізілді. Бұл шарада үлкен өмірге қадам басып келе жатқан жоғары сынып оқушыларының өздігінен шешім қабылдау іскерлігі сыналды.Жаңа әкімшілер мен мұғалімдер оқу үдерісіндегі мәселелермен қоса оқушылардың тәртібіне, сабақтан тыс жұмыстарына қатысты мәселелерді шешті. 11 сынып оқушысы Мақсат Хаймульдин мектеп директоры болса, Яна Резник және Валерия Мищенко оқу – тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасарлары болды. Олар мектеп директорының, орынбасарлар мен мұғалімдердің атқаратын жұмыстары қиын, әрі жауапты және аса маңызды екенін жеткізді.             

  

Оқушылар рөлінде болған мектеп мұғалімдері өз ойларымен бөлісті. Жоғары сынып оқушылары мұғалімдер үшін қызықты сабақтар өткізді. Мектептегі бұл маңызды күнді ұйымдастыруда және өткізуде барлық оқушылар аса жауапкершілік танытты. Соңында 1–11 сынып оқушылары Халықаралық әйелдер күніне арнап салтанатты концерт ұйымдастырды. Онда олар өз өнерлерін көрсетті.