Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кітапты, әсіресе оқулықты күтіп ұстау – әр оқырманның парызы...
12-04-2018 10:09
Кітапты, әсіресе оқулықты күтіп ұстау – әр оқырманның парызы...

Кітапты, әсіресе оқулықты күтіп ұстау – әр оқырманның парызы. Оқулық ұзақ пайдаланған кезде ол ескіреді, өзінің бастапқы қалпын жоғалтады. Оқулықпен одан әрі жұмыс жасау қиынға түседі. Оқулықпен қолданудың мерзімін ұзарту мәселесі өзекті болып отыр. Оқулықтарды сақтап қалу және олардың тұтастығын тексеру мақсатында мектеп кітапханашылары актив мүшелерімен бірлесіп 1–11 сыныптарда рейд жұмыстарын жүргізді. Оқулықтарды күтіп ұстайтын 1, 2 және 3 сынып оқушыларын атап өткен жөн. Сынып жетекшілері – Е.А.Ушакова, Г.Т.Худода, Е.В.Козорез, Б.О.Нұрғалиева. Орта буындағы сынып және жоғары сынып оқушыларының жағдайы ерекшеленіп тұр. Кейбір оқушылар оқулықтардың сыртын қаптамайды, соның салдарынан кітаптың сыртқы беті кір және жыртық. Кітап иелеріне ескерту жасалды. Әсіресе, 5 және 7 сыныпқа арналған жаңа түскен оқулықтар тексерілді. Кейбір оқушылар жаңа оқулықтарды күтіп ұстамайды. Бұл оқушылармен әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Жалпымектептік рейд қорытындысы бойынша мектептегі кітап қорының жағдайы жақсы. 

Мектеп кітапханашысы: Дубовская Н.Н.