Ерекше бояулар...
![Ерекше бояулар...](/media/img/blogs/5b332551c2814.jpg)
2018 жылдың 26 маусымында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Жазғы кереметтер» жобасы аясында «Ерекше бояулар» атты асфальттағы суреттер сайысының І кезеңін өткізді. Балаларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін және Отанға деген құрметтерін асфальттағы түрлі суреттер арқылы танытуға мүмкіндік берілді. Қорытынды бойынша біздің жасақ «Жас таланттар» номинациясында мақтау қағазымен марапатталды.