«Астана – бейбітшілік бесігі» атты ашық диктанты...
2018 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Астананың 20 жылдық мерейтойына, «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының аясында жалпықазақстандық «Астана – бейбітшілік бесігі» атты ашық диктант өтті. Диктанттың мақсаты: мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.Мектебіміздің 5-9 сынып оқушылары бұл шараға белсенді қатысып, қазақ тілінен өз білімдерін көрсете білді.