2018 жылғы 12 желтоқсанда Павлодар қаласының № 26 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығарудың 30 жылдығына арналған қаланың 9 - 11 сынып оқушылары арасында пневматикалық винтовкадан оқ ату жарысы өтті.
Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, пневматикалық винтовкадан оқ ату спортын дәріптеу, патриотизмге тәрбиелеу, жастарды спортыпен айналысуға тарту. Жарыс жеке және командалық біріншілікте өткізілді.
Жарысқа 25 команда, 75 оқушы қатысты, оның ішінде 50 ұл 25 қыз бала, Павлодар қаласының мектептерінен № 1, 2, 4, 6, 7, 9, 12, 14, 16, 17, 20, 21, 22, 24, 25, 28, 29, 30, 36, 37, 39, 40, 41, 43, Кенжекөл ЖОМ қатысты. Орындар ең көп ұпай саны бойынша бөлінді.
Жарыстың әрбір қатысушысы пневматикалық винтовкадан 3 ату және 10 сынақ ату мүмкіндігіне ие болды. Жарыстың басынан бастап жаттығу залындағы соңғы оқ ату сәтіне дейін спорттық қуаныш пен толқу сезіміне толы болды.
Байқау қорытындысы бойынша № 17 орта мектептен 1 орынға, № 25 орта мектептен 2 орынға және № 41 орта мектептен 3 орынға ие болды.
Ұлдар арасында жеке сынақта 1 орынды № 27 ЖОМ оқушысы Хабидуллаев Темирлан, 2 орынды №4 ЖОМ оқушысы Хамит Махамбет және 3 орынды № 25 ЖОМ оқушысы Шаяхмет Мирас иеленді.
Қыздар арасында № 17 ЖОМ оқушысы Мұқанова Марина, 2 орын Шелег Ульяна № 4 ЖОМ, 3 орын Путинцева Милена № 6 ЖОМ жүлдегер атанды.
Жеңімпаздар ауыспалы кубокпен және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері К. С. Раисов және АОТО бас маманы Н. Ж.Тасыбаев қатысты.
Жас бағандар дәлдікпен жарысты...