Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құстарға арналған дәмхана...
20-12-2018 21:33
Құстарға арналған дәмхана...

Көптеген адамдар қыс мезгін жақсы көреді, өйткені қыста балалар төбешіктен сырғанайды, жаңа жылдық мерекелер, ұлпа қар... Алайда, өсімдіктер қалың қар астында тоңазыйды, суықта жасырынбайтын біздің қанатты достарымыз. Осындай қиын қыстау сәтте құстарды ұмытпау маңызды. Келісіңіз, құстардың азықтануына мүмкіндік туғызу адамзат үшін еш қиындық туғызбайды. Өзінің қанатты достарын аман сақтап қалуға көмектесу үшін адамдар қатты аязда көптеген құстарды өлімнен құтқаратын азықтарға қобдиша жасауды үйренді. Өз қолымызбен азық қобдишасын жасау күрделі емес. Құстардың күнбағыс дәнін өзіміз жасаған азық қобдишасынан шоқып жегенін терезеден бақылау қандай керемет!
"Қаһарлы қыс" осы орайда, біздің қанатты достарымызға азықтарын табу қиынға түсетінін алдын-ала ойластырып, мектеп ауласына құстарға үйшік, азық қобдишасын іліп қоюға оқушылар өз үлестерін қосты. Бұл іс-шараға 1-6 сынып оқушылары қатысып, "Құстарға арналған дәмхана" экологиялық акциясы аясында өткізіледі. Бірінші кезеңде мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге әр түрлі материалдардан жасалған, ал екінші кезеңде - аға вожатый А. В. Виситаевамен бірге мектеп ауласында өз бұйымдарын іліп қойды. Осындай іс-шаралар балаларға жауапкершілік сезімін ұялатады, табиғатты сүюге, оған ұқыпты және құрметпен қарауға, құстар мен жануарларға қамқорлық жасауға итермелейді. "Құстар ән айтпаса біздің өміріміз көңілсіз және қарапайым болар еді" деп дұрыс айтады. Балалар жарайсыңдар! Осындай қызықты және ерекше үйшіктер мен астаулар мектеп ауласында пайда болды.