Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Кітапханалық квилт...
04-02-2019 07:55
Кітапханалық квилт...

Біздің мектептің кітапханасында 9 "А" сынып оқушылары «Кітапханалық квилтте»   мыңдаған адамның жүрегін жаулаған, мемлекеттік және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің өмірі және  шығармашылығымен танысты. Ол заманауи қазақ әдебиетінің классигі, көптеген  тілдерге аударылған шығармалардың авторы болып табылады.

Ерекше табиғи дара тұлға, қоғам алдындағы  жауапкершілігі зор, шығармалары әлем әдебиетінің қазынасына кірген, нағыз халық жазушысы қасиетті де берекелі Маңғыстау жерінен шыққан.  Әбіш Кекілбаевтың кітаптарынан әрбір оқырман мәңгілік сұрақтарға жауап табады. Біз кімбіз? Өткен ғасырмен салыстырғанда адам өзгерді ме? Біздің өміріміздің мағынасы неде?  Бізге де ойлану керек шығар, мүмкін  өмірімізді өзгерту қажет?  Айналамыздағыларға тек жақсылық жасау, мейірімділік таныту қажет!