Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Дүниежүзілік балаларды қорғау күні
01-06-2019 15:46
Дүниежүзілік балаларды қорғау күні

"Павлодар дарыны" балалардың дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы бүгін, 2019 жылдың 1 маусымында Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған "Нұрлы болашақ" мерекелік кешенді бағдарламасын өткізді. Мерекелік бағдарлама екі конкурстан тұрды: "Әлем балалардың көзқарасымен" асфальтта сурет салу байқауы; " Ана, әке, мен - бақытты отбасы "спорттық квест – ойыны. Бағдарламаның мақсаты Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушыларын барынша жұмыспен  қамтамасыз ету, шығармашылық белсенділікті дамыту, дарынды балаларды анықтау болып табылады.

Балалар өз суреттерінде жаз, бейбітшілік, достықты бейнелеп, өздерінің шығармашылық және көркем қабілеттерін көрсетті.  Біздің мектептің командасы өз суреттерінде тақырыптың толық ашылуымен ІІІ жүлделі орынға ие болды.

"Ана, әке, мен - бақытты отбасы" спорттық квест – ойынына Ярослав Сунгуровтың отбасы қатысып, белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Квест-ойын сегіз станциядан тұратын ойын: Визит карточкасы, секіргіш, доппен секіру, қар кесегі, кедергілермен жалаушаға дейін жүгіру, зияткерлік қобдиша, асық ату, қолтырауын.