Тарихтың сан қилы заманына саяхаты
«Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы лагерьдің «Болашақ» тобы 6 маусымда Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайына барды. Мұражайдың түрлі тақырыпты қамтыған зал экспонаттарын балалар үлкен қызығушылық пен таңырқаумен тамашалады. Балалар түрлі сұрақтар қойып, өз ойлары мен білетін деректерін ортаға салды. 1-сынып оқушыларын ежелгі адам тұрмысы, облыста мекендейтін жануарлар әлемі, жойылып кеткен жануарлардың қаңқасы, қазақ тұрмысы мен зергерлік өнері қатты қызықтырды. Тарихтың сан қилы заманына саяхаттағандай болды.