Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектепке жол...
30-08-2019 21:09
Мектепке жол...

1 қыркүйек күні қарсаңында мектебіміздің көп балалы анасы Анисимова Ольга Михайловна "Мәдени мұра-Қасым қажы" қоғамдық бірлестігінің тарту еткен сыйлығына қуанды. Оның бақытына шек болмады: отбасында - 6 ұл, оның 4-і мектеп оқушылары. Оларды мектепке жинау оңай емес. Сондықтан "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясының рөлі өте маңызды. Бұл отбасы туралы әлеуметтік педагог Стрельцова Надежда Александровнадан білген "Мәдени мұра – Қасым қажы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аспандияр Балғабекұлы Жақыпов қуана қайырымдылық акциясына қатысты. Ол мектеп формасын, спорттық киім, сондай-ақ спорттық аяқ киім мен туфли барлық төрт оқушыға жалпы 87 000 теңге соммада  сатып алды.

"Мәдени мұра – Қасым қажы" қоғамдық бірлестігі тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. Бірлестіктің үш бағыты бар: білім беру, ағартушылық және қайырымдылық. "Өзгелерге көмек көрсете отырып, біз өзімізге де көмектесеміз, қоршаған ортамызды  қайырымдылықпен және мейірімділікпен толтырамыз . Қордың негізін қалаушы Аспандияр Балғабекұлы – «Өзінің игі істерінің нәтижелерін байқай отырып, біз көп жағдайларға өз әсерімізді тигізе аламыз және әлемді жақсы жаққа қарай өзгерте алатынымызды түсінеміз, – дейді. "Мәдени мұра – Қасым Қажы" қоғамдық бірлестігі 20 ғасырдағы зиялы қауымның көрнекті өкілі Қасым қажы Мұстафаұлы Ертіспаевтың құрметіне аталған. Ол Павлодар ауылының тумасы. Сол жерде оның құрметіне мешіт салынып, аталған.

Ол асыл отбасынан шыққан. Сол кезде педагог оқытушы болған. Өз мектебін ашқан. Оның шәкірттерінің бірі Сәбит Дөнентаев болған. Қасым қажы оқытудан басқа ағартушылық және қоғамдық қызметпен айналысты. 1917 жылы Павлодарда қазақ мұғалімдері мен зиялы қауымның "Ғылым" қоғамын құрған, оның басты қызметі қоғамдық орындарда сауда-қолөнер қызметін және тәртіпті бақылау болды. Сондай-ақ ол қайырымдылық пен мұқтаждарға көмек көрсетуді ұмытпаған.