Математикалық викторина
28 қазанда 4 сыныптар үшін математикалық викторина ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың коммуникативтік және мәдениеттанушылық құзыреттіліктерін қалыптастыру; қойылған міндеттерді шешуде оқушылардың шығармашылық ойлауын ояту; математикаға деген тұрақты қызығушылықтарын дамыту. Балалар математикаға байланысты жұмбақтарды шешті, логикалық, "с подвохом" тапсырмаларды шешті, қызықты сұрақтарға жауап берді.Әр турға геометриялық фигуралар түрінде ұпай алды.Викторина соңында сөзжұмбақ шешті. 1 орын - 4 "Б" сыныбы, 2 орын - 4 "Г" сыныбы, 3 орын - 4 "А"сыныбы.