Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
4 "Г" сыныбында "Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: "зорлық-зомбылық", "қатыгездік" ұғымдарының мәнін ашу, құрдастары арасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне теріс көзқарасты тәрбиелеу , оларға қарсы тұра білу, басқа адамды түсіну және кешіру қабілетін дамыту. Балалар ертегілерді сахналады,онда қатыгездік болды:қасқыр-қоян-түлкі. Татуласу тәсілдерін тауып, бейбітшілік пен келісімде қалай өмір сүру керектігін талқылады. Сабақ соңында балалар алманың суретіне сыныпта және отбасында қандай жақсы әрекеттер жасау керектігін жазып жақсы істер себетін жинады.