Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
БАЛАЛАРҒА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА
11-08-2020 12:06
БАЛАЛАРҒА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

Қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?

1.       Балаңыздың Қашықтықтан оқытудың үш форматының бірін ТАЛҚЫЛАҢЫЗ және сынып жетекшісімен КЕЛІСІҢІЗ:

·         Интернет-платформаларды пайдалану арқылы қашықтықтан оқытылатын сабақ  – мұндай сабақтарға қатысу үшін оқушыға компьютер мен жоғары жылдамдықтағы интернет қажет;

·         Тікелей хабар тарату режимінде теледидар немесе радиобағдарламалар арқылы жүзеге асырылатын қашықтықтан оқытылатын сабақ;  

·         Пошта бөлімшесі, электронды пошта арқылы жіберілетін, алдын ала даярланған сабақтармен қағаз түрінде берілетін қашықтықтан оқытылатын сабақ –  компьютер мен  интернеттің қажеттілігі жоқ.

2.      Сынып жетекшісі жіберген сабақтар кестесін ертерек ЗЕРДЕЛЕҢІЗ, кесте мектеп сайтында жарияланады.

3.      Сынып жетекшіңізбен,  пән-мұғалімдерімен тұрақты түрде байланыста БОЛЫҢЫЗ.

Интернет-платформаларды пайдалану арқылы қашықтықтан оқытылатын сабақты өткізу үшін:

Компьютердің, мобильді байланыс құралдарының және  қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өзге құрылғылардың жұмыс істеу мүмкіндігінТЕКСЕРІҢІЗ.

Интернет жылдамдығын нақтылаңыз.

 Балаңызға компьютер мен интернетке еркін қолжетімділікті  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ, оған жеке электронды поштаны құрыңыз.

Интернетке қосылған  балаңыздың қондырғысына өзіңіздің  сынып жетекшіңіз ұсынған ата-ана бақылауының программасын ОРНАТЫҢЫЗ.

Интернетпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіз ережелерді ЗЕРДЕЛЕҢІЗ және оны балаңызбен талқылаңызhttps://www.youtube.com/watch?v=2IWl2GVDgfM

Қағаз түрінде алдын ала даярланған қашықтықтан оқытылатын сабақты өткізу үшін:

Материалдармен және орындалған үй тапсырмаларымен алмасу орны мен уақытын ертерек  сынып жетекшісімен  КЕЛІСІҢІЗ.

Оқу материалдарымен және ақпаратпен алмасу үшін ЖАУАПКЕРШІЛІК мұғалімдерге және оқушының ата-анасына жүктеледі, балаңыздың мектеп қызметкерлерімен жеке байланысу жағдайын азайтуға тырысыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Қашықтықтан  баланы оқыту Сізден кейбір ережелерді  ескеруді және үй жағдайында ерекше оқу аймағын жасауды талап етеді. Сізге оқушының жұмыс орнын қай жерде жақсы орналастыруға болатындығын ойластыру қажет.

Ол келесі маңызды талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1.   Қондырғы қойылатын жұмыс үстелі табиғи жарыққа жақын орналасуы қажет.

2.   Ең тиімдісі, үстелдің үстінгі жағында компьютерді қоюмен қатар,  баланың үстелде компьютермен жұмыс істеуі және жетекші қол жағынан (әдетте оң жағынан) қағазда жазуы үшін орын қалдыруға болатын жеке үстелді қарастырған абзал. Барлық техникалық құралдар баланың қолына қолжетімді қашықтықта бір-біріне жақын орналасуға тиіс.

3.   Қондырғы үй жануарларының жанасуына жол бермейтін жерде орналасуы қажет.

4.   Жарық үшін үйреншікті шамдарды қолданған жөн (люминисценттік шамдарды мүмкіндігінше пайдаланбаған дұрыс). Жарық пернетақтаның үстінгі жағынан түсуге тиіс.

5.   Баланың жұмыс орнын қондырғыны жинауға немесе бала жұмыс істемеген кезде оны жабуға болатындай ретпен ұйымдастырғаныңыз дұрыс.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Баланың компьютердегі жұмыс уақытын міндетті түрде бақылаңыз. Әрбір жарты сағаттан кейін үзілістер жасау қажет. Компьютермен жұмыс істеу кезінде баланың көзіне түсетін жүктемені азайтуға тырысыңыз.

Егер бала қондырғымен жұмыс істеу кезінде, тіркелу немесе  білім берудің онлайндық платформаларында жұмыс істеу уақытында техникалық қиындықтарға немесе өзге сипаттағы қиындықтарға кездессе, онда оған бұл кедергілерді бірлесіп шешуге көмектесіңіз немесе бұл туралы оның сынып жетекшісіне кез келген уақытта (телефон, не «Kundelik.kz» жүйесінде хабарлау арқылы және  т.б.) хабарлаңыз.

Жаңа материалды меңгеру кезінде туындаған қиындықтарды «Kundelik.kz» жүйесімен кері байланыс жасау арқылы арқылы жаңа материалды зерделеу бойынша жеке кеңестерді алуды ұйымдастыру үшін мүғалімге хабарласу қажет. Бала өздігінен зерделеу кезінде тақырыптарды меңгеру мен тапсырмаларды орындау бойынша туындаған қиындықтарды мұғалім қашықтықтан оқыту аяқталғаннан кейін  алынған білімге түзету жүргізеді, туындаған қиындықтарды баламен жеке жұмыстарды жүргізу арқылы жоюға болады.

Тапсырмаларды орындау қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде міндетті талап болып табылады.

ПАЙДАЛЫ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗДАР:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің порталындағы қашықтық білім беру:

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/activities/3317?lang=kk

Желідегі қауіпсіздік

https://www.youtube.com/watch?v=CmhS9WSeYj8

https://www.youtube.com/watch?v=kJ8QkvzHjuc

Денсаулық және қауіпсіздік

https://www.youtube.com/watch?v=wrIJxRpb6w0

Қауіпсіз деп ойлама, Интернетпен ойнама

https://www.youtube.com/watch?v=0hTlhuMFdcM