Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
33-81-23
email: sosh27@goo.edu.kz
Адрес: 140006 c. Pavlodar, st. Pavlov 17
reception: 33-81-23, accounting: 33-81-46, methodical study 33-81-25
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Thursday from 14.00 - 18.00 h.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Роза бағлановаға 100жыл!
06-12-2022 13:51
Роза бағлановаға 100жыл!
2022 жылдың 5 желтоқсанында музыка пәнінің мұғалімі Кенесбаева А.М. қазақ опера және эстрада әншісі, сопрано иегері Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына арналған тақырыптық сабақтар өткізді. Оқушылар тарихта есімі алтын әріптермен жазылған әншінің ғана емес, тұтас бір дәуірдің үнінің өмірбаянымен, шығармашылық жолымен танысты. Балалар Роза Бағланованың репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі композиторлардың шығармалары, әлем халықтарының әндері үйлесімді көрініс тапқанын, сондай-ақ олар әншінің ең жоғары және ең мәртебелі мемлекеттік марапаттауларды алғанын, оның талантын әр кезеңдегі еліміздің алғашқы тұлғалары мойындағанын білді. 
Сабақ соңында балалар Роза Бағланованың орындауындағы ең танымал «Ах, Самара городок!» әнін тыңдады. Қазақстандағы ең жоғары мемлекеттік “Халық Қаһарманы” марапатын иеленген жалғыз әншінің тарихымен танысу балаларға қызықты болды.