Сенім телефоны
33-81-23
email: sosh27@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140006 Павлодар облысы, Павлодар қ. Павлов көш, 17
қабылдау бөлмесі: 33-81-23, бухгалтерия: 33-81-46, әдістемелік кабинет: 33-81-25
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
бейсенбі сағат 14.00 - 18.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 21 желтоқсанда М.Әлімбаев атындағы орта мектеп базасында Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған "Ән менің жүрегімде" вок
22-12-2022 13:56
Павлодар қаласы білім бөлімінің
Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 21 желтоқсанда М.Әлімбаев атындағы орта мектеп базасында Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған "Ән менің жүрегімде" вокалдық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты-әнші, Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың мәдени мұрасын насихаттау, қазақ ән өнерін дамыту, орындаушылық шеберлікті арттыру, оқушылардың шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау. Байқауға қаланың 31 мектебінен 54 оқушы қатысты. Байқау шарттары бойынша қатысушылар Роза Бағланованың репертуарынан таңдау үшін бір шығарманы орындауы керек еді. Біздің мектептің 11 “А” сынып оқушысы Павлова Радмила сайысқа қатысып, 3 жүлделі орынға ие болды. Радмиланы жүлдесімен құттықтай отырып, алдағы шығармашылық белестер тілейміз! 
Жетекшісі: Кенесбаева А. М.