7-ші сынып оқушылары арасында шағын футболдан жолдастық матч өткізілді.
![7-ші сынып оқушылары арасында шағын футболдан жолдастық матч өткізілді.](/media/img/blogs/65978967b5e9c.jpeg)
Бүгін, 04.01.24 ж., қысқы демалыс аясында 7-ші сынып оқушылары арасында шағын футболдан жолдастық матч өткізілді.
Нәтижесінде матч тең аяқталды. Достық жеңді!
Үздік бомбардир 7”Б” сыныбының оқушысы Бейсекеев Кәрім. Оның есебінде 7 гол.
Футболшылардан басқа, бұл күні жоғары сынып оқушылары баскетболдан жаттығу өткізді.
Осындай спорттық іс-шараларды өткізу біздің оқушыларымызға олардың дағдыларын физикалық тұрғыдан дамытуға мүмкіндік береді және оларға жақсы мотивация болып табылады.