«Мамандықтар әлеміне саяхат»
![«Мамандықтар әлеміне саяхат»](/media/img/blogs/65b7124b0e7bc.jpeg)
5 «Г» сыныбында «Мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында сұрақ-жауап, мақал-мәтелдермен жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ балалар «Сен және сенің болашақ мамандығың» тақырыбындағы бейнероликті тамашалады.
Мақсаты мен міндеттері: оқушылардың өзін-өзі тануы мен кәсіби өзін-өзі анықтауын ынталандыру; оқушылардың назарын мамандықты оқуға аудару.