Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
33-81-23
email: sosh27@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140006 Павлодар облысы, Павлодар қ. Павлов көш, 17
қабылдау бөлмесі: 33-81-23, бухгалтерия: 33-81-46, әдістемелік кабинет: 33-81-25
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
бейсенбі сағат 14.00 - 18.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Абайдың күні
18-02-2020 19:34
Абайдың күні
    Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде 2020 жылы 18 ақпанында №27 жалпы орта білім беру мектебінде «Абайдың күні» өткізілді.
 
    Іс-шараны өткізуде 1-11 сыныптардың барлық оқушылары қатысты. Үзіліс кезі Абайдың әндері шырқалды. Барлық кабинетттерде және кітапханада «Абай әлемі» бұрышы мен көрмесі ұйымдастырылды. Біркелкі «Абайдың асыл мұрасы» аты сынып сағаты өтті.
 
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үзіліс кезінде «Ақындық бетбұрыс» ұйымдастырды, оқушылар Абайдың өлеңдерін қазақ тілінде жатқа айтты, сонымен қатар 8 сыныптарда «Абайдың қара сөздері» атты викторина өтті. Орыс тілі пәнінің мұғалімдері 6 сыныптарда «Абай және Пушкин» атты әдеби сабақ өткізді. Ағылшын тілінің мұғалімі Жұмабекова Г.С. 9 сыныптарда «Абай әлем тілдерінде» атты танымдық сабақ өткізді. Тарих пәнінің мұғалімдері 10-11 сыныптарда «Абай – адамзаттың игілігі» дөңгелек үстел өткізді. 11 сыныпта «Абайтану» курсынан «Абай даналығы» сабағы өтті. Бұл іс-шара Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімін кеңейтуге тәрбиелейді, Абай шығармаларына қызығушылық пен сыйластық танытады.