Бүгін, яғни 2012 жылдың 30-қараша күні Павлодар қаласы № 28 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесіне орай «Елбасы – елдің айбыны!» тақырыбына құқықтық үйірмесінің басшылығымен салтанатты жиналыс өтті.
Салтанатты шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, оқушылар қатысты. Елбасының мықты саясатының арқасындаегемен еліміздің қуатты мемлекетке айналуы, дүние жүзінде өркениетті елдердің қатарына енуі баршаға аян.
Оқушылар әдеби монтаж бен Елбасымыздың өмірі мен еңбек жолы туралы мағлұмат жеткізе білді. Елтаңбасымен еңселі, туымызбен тұғырлы, әнұранамен айбатты еліміз бақытты болғай!