"Қауіпсіздік мектебі" клубының сабағы
2013 жылғы 25 сәуірде "Қауіпсіздік мектебі: Су апаты - судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау" кезекті сабағы өткізілді. 5-а сынып оқушылары суда жүру ережелері туралы айтып берді, сұрақ-жауап сайысы өткізіліп. тиянақты жұмыс істейтін балалар анықталып, олар мектептің құтқару қызметіне енгізілді. Сыныптың әрбір оқушысына арналып суда жүру қауіпсіздігі ережесі туралы нұсқаулық әзірленіп, таратылып берілді.