Сенім телефоны
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Мекенжайы: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖЕҢІС КҮНІ!
06-05-2013 09:00
ЖЕҢІС КҮНІ!

 

Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер.

         Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде.

         Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін , құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз.